Алматыда «Bek Air» ұшағының апатынан көз жұмған Рүстем Қайдаровты еске алды

Ұшақ апатынан 12 адам опат болып 69 адам зардап шеккен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бес жыл бұрын «Bek Air» ұшағының апатынан көз жұмған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға ардагерлер, құқық қорғау қызметкерлері, марқұмның отбасы мен генаралдар қатысты. Әріптестері әскери қызметкердің ішкі істер саласы мен мемлекет дамуына қосқан үлесіне тоқталып, сөз сөйледі. Сонымен қатар үзеңгілестерін еске алу дәстүрлі түрде жалғасатынын айтты.

"Аяқ астынан хабар келгенде, бізде сондай жағдайға тап болдық. Бірақ өмір жалғасады. Бес жыл өтсе де ол кісінің аты өшкен жоқ. Осы уақыт ішінде Алматыдан бастап, өзге өңірлерде еске алып, кабинеттер ашылып, іс-шаралар өткізіліп жатыр", – деді генералдар кеңесінің төрағасы, генарал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға бет алған «Bek Air» компаниясының Fokker 100 маркалы ұшағы әуеге көтерілмей жатып, құлаған болатын. Салдарынан, 12 адам опат болып 69 адам зардап шеккен.

Оқи отырыңыз: Елде әуежайлар мен ұшақтарға тексеріс басталды

Новости партнеров