Белсенді ұзақ өмір: халықаралық форумда әлеуметтік бағдарламалар талқыланды

30.09.2025 15:42

Форумға шетелдік қонақтар қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Белсенді ұзақ өмір: тәжірибе мен мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында заманауи технологиялар, инновациялық тәсілдер мен қарт адамдарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар қаралды.  Іс-шараны Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырды. Форумға шетелдік қонақтар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тараптар қатысты.

«Форумның аясында өзекті мәселелерді талқылап, ұзақ өмір сүруге байланысты, сонымен қатар бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, мемлекеттік бағдарламамызға сәйкес ұзақ өмірді дәріптейтінімізді ортаға салдық», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Оқи отырыңыз: Ұстазыңды құттықта: Алматыда жас мамандар челлендж бастады