Мемлекет басшысы ұлттық киімді жан-жақты дәріптеу туралы айтқан болатын
Мемлекет басшысы биыл Ұлттық құрылтай отырысында ұлттық киімді жан-жақты дәріптеу туралы айта келе, бет-жүзді тұмшалайтын қара киімге қатысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат агенттігі тарапынан жолданған сауалға жауап беріп, аталған мәселені көтерді.
— Қоғамда қара жамылып киінетін азаматтар бар, бұл мәселені қалай шешпексіздер? Бет-жүзіп тұмшалап қара киінген азаматтардың есебі жүргізіле ме? Оларға шектеу қойылуы мүмкін бе? — деген сауал жолданды ведомствоға.
— Министрлік бет-жүзін тұмшалап қара киім киетін адамдардың тізімінің есебін жүргізбейтініне назар аударамыз. Сондай-ақ ашық ақпарат көздерінен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бет-әлпетті толығымен жауып тұратын діни киімдерге тыйым салуға қатысты пікір білдіргені белгілі. Бұдан басқа, тиісті заңнаманы жетілдіру барысында сіздің тарапыңыздан қойылған сұрақтар ескерілетінін атап өтеміз, — деген министрліктен ресми сауалға жауап алдық.
Оқи отырыңыз: Ауғанстанда шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салынды