Қостанайда студент 11 жылға сотталды

Polisia.kz
Polisia.kz

Жыл басынан бері қалада 63 келі есірткі тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда есірткі сатқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін полиция қалада есірткі таратумен айналысқан 2 адамды ұстаған болатын.

Polisia.kz мәліметінше, олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған. Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі (а-PVP) тәркіледі.  Осылайша, полиция айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді.

Сондай-ақ үйден электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды. 

Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны – шамамен 100 млн теңге.

Есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен 2 айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай полициясы 63 келі түрлі есірткіні тәркіледі.

Новости партнеров