Білім саласының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды

03.09.2026 21:57

Оқу-ағарту министрлігінде білім саласының қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Almaty.tv

Оқу-ағарту министрлігінде білім саласының қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министр Жұлдыз Сүлейменова сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздардың еңбегін әрдайым жоғары бағалап, педагог мәртебесін арттыруға ерекше мән береді. Бүгін табысталған мемлекеттік және ведомстволық наградалар - сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен білім саласын дамытуға қосқан үлестеріңізге берілген жоғары баға. Өскелең ұрпақтың болашағы жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Марапат иелерінің қатарында мектеп педагогтері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлаған жаттықтырушылар бар.

Оқи отырыңыз: Тағы бірнеше министрліктің басшылары тағайындалды

Толық көрсету