"Бірінші кредиттік бюро" директоры пара берді деген күдікпен ұсталды

03.07.2025 15:56

Қазір іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Алматыда «Бірінші кредиттік бюро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры пара берді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, мекеме өкілдері өз мүддесі үшін, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақы бері отырыпты.

Ал күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 370 мың АҚШ доллары мен 4,5 миллион теңге көлеміндегі қаражат тәркіленген.

Қазір іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.  

«2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында кезекті 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара беру кезінде Сарбасов, Омаров және Арғандықов ұсталды. 2025 жылғы 30 маусымда сот санкциясымен Сарбасовқа, Омаровқа және Арғандықовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Ұлттық компаниялар игерілмеген қаржыны қазынаға қайтаруға міндеттеледі