Бірлескен бизнес бастаймыз: Елордада "серіктестеріне" көлік рәсімдетіп, сатып жіберген алаяқ ұсталды

Қаражатты жеке қажетіне жұмсапты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада беделді кәсіпкер етіп көрсеткен ер адам алаяқ болып шықты. Тергеу дерегінше, ол 4 адамды «бірлескен бизнес бастаймыз» деп сендіріп, оларға автонесие рәсімдеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақшасын өзі өтеп, көліктерді табыс табу үшін пайдаланамын деген ер адам ол темір тұлпарларды Ресейге апарып сатып жіберген. Қаражатты жеке қажетіне жұмсапты. Нәтижесінде келтірілген шығын көлемі 270 миллион теңгеден асып, жәбірленушілер қарызға батқан. Соттың үкімімен әлгі кәсіпкер 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

«Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Елорда прокуратурасы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алу үшін заң мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынына назар аударады», – деді Астана қаласы прокурорының көмекшісі Динара Тукеева.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады

Новости партнеров