Біржынысты қатынасты насихаттайтын контентке шектеу қойыла ма

Зерттеу жұмыстары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен жүргізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Дәстүрлі емес жыныстық қатынастар» туралы ақпараттың негізгі көзі – әлеуметтік желілер. Сарапшылар ЛГБТ насихатының кәмелетке толмағандарға әсерін зерттей келе, осындай қорытындыға келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зерттеу нәтижесіне сай, мұндай тақырыптағы контентті жиі тұтынатын жасөспірімдер өздерінің жыныстық және гендерлік сәйкестігіне қатысты ішкі күйзеліс, алаңдаушылық пен жайсыздық сезімін бастан жиі кешіреді екен. Сондай-ақ цифрлық кеңістік жеткіншектердің көзқарасының қалыптасуына айтарлықтай ықпал еткен. Жиын барысында сарапшылар «біржынысты қатынастарды насихаттайтын контентті шектеу қажет» деп дабыл қақты.

«Ересектерді өзгерту қиын, олар психологиялық тұрғыда қалыптасқан. Ал балаларды әлі де дұрыс бағытта тәрбиелеуге болады. Әлем бойынша, барлық желі арқылы тарап жатқан ЛГБТ жайлы ақпараттың тым көптігі алаңдаушылық туғызады. Бұл балалар мен жасөспірімдердің психикасына әсер етеді. Сондықтан да депутаттар өзгерістерді қабылдауын сұраймыз», – деді «Өркендеуге жәрдемдесудің ұлттық қоры» ҚҚ басшысы Үсен Сүлеймен.

Айта кетейін, зерттеу жұмыстары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен жүргізілген. Ал қорытынды әлеуметтік сауалнамалар мен ғылыми-құқықтық талдау негізінде жасалған. Авторлар тиісті нәтижені уәкілетті органдар мен Парламентке тапсырған. Өз кезегінде мәжілісмендер бұл мәселеге қатысты қоғамдық талқылау өткізуді қыркүйек айына жоспарлар отыр.

 «Жаңа да мен өзімнің сөзімде айттым, біз бұны тек қана тыйым салып қоймауымыз керек. Кім егер де осы тыйымды бұзып әлеуметтік желіде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында немесе басқа да бір кітап болсын, кино болсын басқа да жанама түрде жарнамалайтын болса, оған тек қана әкімшілік жауапкершілік емес, қылмыстық та жауапкершілік қаралу керек деп   есептеймін», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда кепілсіз онлайн-кредиттерге жаңа шектеулер енгізіледі

Новости партнеров