Жалақы дауы: биыл 43 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 43 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғаған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі 391 кәсіпорында 10 мыңға жуық қызметкерге жалақы төленбей келген. Арнайы тексеріс нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 5 мыңнан аса факті тіркелген. Бұл жұмысшылар құқығын қорғау мәселесі әлі де өзекті екенін көрсетеді.

Бұл бағытта қандай шаралар қолға алынып жатыр? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің басқарма басшысы Талант Ерманов жауап береді.

– Талант Талғатұлы, қайырлы күн! Жалақы қарызы жиі анықталатын негізгі  салалар немесе аймақтар қайсы?

«Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 4,5 мыңнан астам тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесімен 5,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталған. Жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 3 мыңға жуық ұйғарыммен нұсқамалар берілген және жалпы сомасы 371 млн теңге құрайтын әкімшілік айыппұл салынған. Жалақыға қарыз бойынша 360 мекемеде 9 мыңға жуық жұмыскердің 1 млрд 900 млн теңгеге жуық жалақыға қарызы өндірілген. Жалақыға қарыз көбінесе құрылыс саласындағы мекемелерде және өндірістегі сервистік қызметпен айналысатын мекемелер арасында қалыптасқан».

– Еңбек заңнамасын жиі бұзатын кәсіпорындар жауапкершілікке тартыла ма? Оларға қатысты қандай да бір санкция қолданылады ма?

«Министрлікте арнайы автоматтандырылған ақпарттық жүйе бар. Ол жыл бойына жиналған тексерулер мен жүргізілген бұзушылықтарды автоматты түрде талдап, еңбек инспекторларына келесі жылға жоспарлы тексеру жүргізу үшін кәсіпорындардың тізімін анықтайды. Жоспардан тыс тексеру кезінде белгілі бір сипатпен ғана тексеру жүргізетін болсақ,  жоспарлы тексеруде еңбек заңнамасына қатысты бүкіл мәселе мен сұрақ қамтылатын болады. Бұл –жоспарлы тексерудің принципі. Жұмысшылар еңбек құқығы бұзылса, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаментіне барып, жазбаша түрде немесе «eоtinish» ақпарттық жүйесі арқылы өтініш жазуына болады. Егер өтініш негізінде жүргізілген тексерулер барысында заңбұзушылық анықталса, мемлекеттік еңбек инспекторлары заңға сәйкес жұмыс берушілерге қатысты тиісті шара қабылдайтын болады».

Оқи отырыңыз: Үйдің қабырғасы жарылып жатыр: Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары шаңға көміліп отыр

Новости партнеров