Кене энцефалиті – жүйке жасушаларын зақымдап, адамды мүгедек қылуы әбден мүмкін
Биыл Алматыда 2400-ден аса адамды кене шаққан. Оның тең жартысы 14 жасқа толмаған жеткіншектер. Осыған байланысты сала мамандары ерте вакцина алудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кене энцефалиті – жүйке жасушаларын зақымдап, адамды мүгедек қылуы әбден мүмкін. Сондықтан дәрігерлер, вирустық ауруға төтеп беру үшін адам иммунитетін қыс мезгілінен бастап дайындау қажет екенін айтты. Қала тұрғындарының вакциналаудан өтуіне барлық жағдай жасалған. Емханаларда Белгия елінің екпесі қолданылады. Ол 16 және одан жоғары жастағы ересек адамдарға салынады.
"Бірінші курс вакцинациясы 3 мөлшерден тұрады. Бірінші және екінші дозаныңмқлшердің аралығы 3 айға созылады. Кенелердің белсенді кезеңі басталғанға дейін адамның ағзасында оған қарсы қорғаныс күші түзілуі үшін қыста салған жөн. Екінші мөлшері салынғаннан кейін 5-12 ай аралығанда үшінші екпені егеді", – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы Бибігүл Нұрғалиева.
Оқи отырыңыз: Талғарда өрт болып, 18 адам эвакуацияланды