Биыл Алматыда 37 мыңға жуық мектеп бітіруші сынаққа қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын талапкерлер саны бойынша республикада көш бастап тұр. Биыл мегаполисте 37 мыңға жуық мектеп бітіруші сынаққа қатысады. Ресми дерекке сүйенсек, екі мүмкіндік ескерілгенде мегаполистен барлығы 66 мың 685 өтініш қабылданған. Білімді бағалау науқаны 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Биыл түлектерге емтиханды екі рет тапсырып, грант конкурсына ең жоғары нәтижесімен қатысу мүмкіндігі берілген. Ел көлеміндегі маңызды науқанның өту барысы туралы толығырақ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Талғат Ниязов тікелей эфирде айтып берсін.

– Талғат Жақсыбайұлы, биыл ҰБТ бойынша елімізде қанша талапкер қатысады деп күтілуде және тест тапсырушылардың басым бөлігі қандай пәндерді таңдаған?

« 2026 жылғы ҰБТ-ға 240 мың талапкерден екі мүмкіндікті есептеген кезде 446 мыңға жуық өтініш қабылданды. Қабылданған өтініштердің 73%-ы қазақ тілінде, 27% астамы орыс тілінде, 521 адам ағылшын тілінде тест тапсыруды таңдап отыр. Тест тапсырушылардың бейіндік пәндеріне келетін болсақ, 17% астамы математика-физика бейіндік пәндер комбинациясын таңдады 12,5 % жуығы химия-биология пәнін таңдаса,  үшінші кезекте ең көп таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына шығармашылық мамандықтарды таңдаған тестіленушілерді айтуға болады».

– ҰБТ өткізу барысында қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданған? Сонымен қатар, келесі жылдан бастап қандай жаңа өзгерістер енгізу жоспарланып отыр?

«Тестілеу процесінде шынайылықты, тазалықты және тестіленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарланған. Тестілену ғимаратына кіру барысында тестіленушілерді арнайы қол және рамалық металл іздегіштер арқылы тексеру жүргізіледі. Және тестілеу ғимаратында бейнекамералар орнатылған. Сондай-ақ электронды және радиотолқындарды басатын шекті мүмкіндікте толқындардың шекті мүмкіндігін қамтамасыз ететін сигналдарды басатын құрылғылар қолданылады. Алдағы уақытта осы қолданыстағы ҰБТ форматына өзгеріс енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы формат бұрыңғыдай қалады. Алдағы жылдары ҰБТ форматына өзгеріс енгізу жұмыстары қазіргі таңда басталып кетті. Жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Аталған форматты АҚШ-тың белді компаниясымен бірге жасап жатырмыз. Келесі 2027 жылы зерттеу және атқарылған жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде пилоттық нұсқасы ендіріледі. Толық нұсқасы, масштабты түрде ендіру жобамен 2029 жылға жоспарланып отыр».

Оқи отырыңыз:  ҰБТ: Қазақстанда 240 мыңға жуық талапкер тест тапсырады

Новости партнеров