«Болашақпен» оқитын студенттердің шәкіртақысы өсуі мүмкін

Шәкіртақы мөлшері елге және қалаға байланысты өзгеріп отырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Болашақпен» оқитын студенттердің шәкіртақысы 10-15 пайызға өсуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» төрағасының орынбасары Абай Рахмет мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сөзінше, шәкіртақы соңғы 15 жылдан астам уақыт бойы көтерілмеген. Сондықтан бұл  мәселе қарастырылып жатқанын, нақты шешім келесі жылға қарай белгілі болатынын жеткізді. Сондай-ақ ол шәкіртақы мөлшері елге және қалаға байланысты өзгеріп отыратынын айтты.

«Әлем бойынша инфляция өсіп жатыр, әрі кейбір жағдайларда біздің стипендиаттар отбасымен бірге барады. Кейбір елдерде берілетін шәкіртақы жеткіліксіз болып жатады. Оны көтеру мәселесі қарастырылуда, бұл бойынша нақты шешім келесі жылға қарай белгілі болады. Шәкіртақы мөлшері елге және қалаға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Нью-Йоркте ол жоғары – шамамен 2,2 мың доллар. Басқа штаттарда төмен болады», – деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Абай Рахмет.

Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда 37 мыңға жуық мектеп бітіруші сынаққа қатысады

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров