Биыл Астанада пилотсыз такси жобасы іске қосылады

Жобаны жүзеге асыру мақсатында елдегі ірі тасымалдаушы компаниялармен де келісімшарт жасалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Астанада пилотсыз такси жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір жаңа технологияны сынақтан өткізу үшін арнайы пилоттық аймақтар айқындалған. Жобаны жүзеге асыру мақсатында елдегі ірі тасымалдаушы компаниялармен де келісімшарт жасалған. Ал Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, әзірге қызмет құны мен тарифтерге қатысты мәселе көтерілмейді. Оның сөзінше, бұл тақырып әзірге күн тәртібінде тұрған жоқ. Басты міндет – жаңа технологияны қауіпсіз түрде сынақтан өткізіп, оның тиімділігін жан-жақты тексеру.

 «Қазір басты мәселе пилоттық жобаны қалай қауіпсіз түрде іске асыратынымызға байланысты болып отыр. Нәтижеге қарай қорытынды жасап, бұл технологияны қала көлемінде, одан кейін өзге өңірлерде қалай кеңейтуге болатынын нақты түсінуіміз қажет», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Оқи отырыңыз: Алматылық құтқарушылар Рождество кезінде қауіпсіздікті күшейтті

Новости партнеров