Қазақстаннан Әзербайжанға дейін байланыс желісін тарту жұмыстары басталды

Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған тағы бір маңызды халықаралық жоба қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, Қазақстаннан Әзербайжанға дейін байланыс желісін тарту жұмыстары басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық көпірге айналып, халықаралық интернет-трафик транзитінде стратегиялық маңызға ие бола алады. Осы тұрғыда Каспий теңізінің түбімен оптикалық талшықты кабель тарту жобасы ерекше мәнге ие. Ал құрылыс жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында Каспий теңізінің түбінен Әзербайжан Республикасына дейін оптикалық кабель құрылысын іске асыру басталды. Жобаны биылдың 3- тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Оқи отырыңыз: Биыл Астанада пилотсыз такси жобасы іске қосылады

Новости партнеров