Биыл Қазақстанға қандай әлем жұлдыздары келеді

Алматы Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда роуд-шоу өткізуді жоспарлап отыр 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қазақстанға Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сынды әлем жұлдыздары келеді. Мұндай ақпаратты Үкіметте есеп берген «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, олар мамыр айында өнер көрсетеді. Талғат Ғазизов танымал әншілердің концертінен еліміз қанша табыс табатынын айтпады. Тек жыл соңына дейін бес ірі іс-шара өтетінін жеткізді. Одан бөлек, Қазақстанға шетелдік туристерді тарту үшін еліміздің халықаралық көрмелерге жиі қатысатынын айтты.

«Былтыр  Қазақстан 14 халықаралық туристік көрмеде таныстырылды. Осы жылы 12 халықаралық туристік көрмеге қатысу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Алматы қаласы Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, соның ішінде Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізуді жоспарлауда», – деді  «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігі төмендеуде

Новости партнеров