Биыл Құрбан айт ұлттық нақышта атап өтіледі: Бас мүфти үндеу жасады

Айт күндері мешіт аулаларында киіз үй тігіліп, спорттық жарыстар өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Құрбан айт мерекесі ұлттық дәстүрімізге сай кең көлемде атап өтілмек, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мереке күндері республика бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мешіт аулаларында киіз үй тігіліп, спорттық жарыстар өтеді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұртшылықты  айт мерекесін ұлттық киім киіп, салт-дәстүрге сай атап өтуге шақырды. Сондай-ақ ол осы күндері араздасқан жандарды татуластыратын «Айт – татулық мерекесі» атты акция өтетінін мәлімдеді. Одан бөлек, діни басқарма құрбан шалудың талаптарын түсіндірді.

Құрбандық айт намазы оқылғаннан кейін шалынады. Малдың жасы шариғат талаптарына сай болуы қажет. Қой мен ешкі бір жастан асқан, сиыр екі жасқа толған, ал түйе бес жаста болуы керек. Құрбандық малдың дені сау, кемшіліксіз болуы маңызды.

Еске сала кетейік, Құрбан айт 27 мамырда басталады. Ол күн ресми демалыс болып саналады. 26 мамыр – Арапа күні.

«Құрбан айт тек діни мереке ғана емес, қоғамдағы бірілік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылықты паш ететін, рухнаи мейрам. Осы орайда еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айтта мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымызды күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауғ үндеймін», – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқи отырыңыз: Бас мүфти кәсіпкерлерді Құрбан айт қарсаңында мал бағасын көтермеуге шақырды

Новости партнеров