«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінім беру басталды

Құжат қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінім беру басталды. Отбасылық институтты нығайтуға арналған жоба 2014 жылдан бері өткізіліп келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласы республикалық байқауға 13 рет қатысқалы жатыр. Жыл сайын «Халықаралық отбасы» күні қарсаңында өтетін конкурста бақ сынау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша аудан әкімінің аппаратына барып тіркелу керек. Талап етілетін құжаттар тізімі сол жерде көрсетіледі. Отбасыларға қойылатын басты критерилер: еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы маңызды. Бос уақытта немен айналысатындары, өмір салты, отбасы құндылығы жәдігерлері мен балаларының немерелерінің жетістігі іріктеуде үлкен рөл ойнайды. Құжат қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады

«Байқаудың негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өнегелі әрі бірлігі жарасқан отбасыларды қоғамға үлгі ету. Сонымен қатар жас ұрпаққа отбасының маңызын насихаттау. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Конкурс Біріншіден, аудандық(қалалық), сосын облыстық республикалық маңызы бар қалаларда екі кезеңнен тұрады», – деді Ішкі саясат басқармасының бас маманы Нұрзада Қоқанбай.

Оқи отырыңыз: Берекелі некенің құпиясы: 60 жыл отасқан қариялар жастарға қандай ақыл айтты

Новости партнеров