Қара шаңырақта инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы ашылды
Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл толды. Мерейлі датаға орай оқу ордасының қызметкерлері білім ошағында жаңадан ашылған инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізілген жатақханаларды көрсетті. Қазір университет қалашығында 15 жатақхана бар. Оның үшеуіне биылғы оқу жылында күрделі жөндеу жасалған. Сондай-ақ білім мекемесінің қызметкерлері 10 инновациялық зертханадан тұратын ғылыми орталықтың жұмысымен таныстырды. Су тапшылығы, құрғақшылық сынды экологиялық мәселелерге мониторинг жасайтын Қазақ-Қытай зерханасын көрсетті.
Биология факультетінде Америкамен біріккен лаборатория ашылды. Осы жылы 20-30 зертхана іске қосылды. Олардың бірі - робототехника лабораториясы, – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің директоры Марғұлан Ибраимов.
Оқи отырыңыз: Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында қандай фильмдер көрерменге ұсынылады