Биыл мектептерде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылмайтын болды

Оқу жылы дәстүрлі түрде 34 аптаға созылып, аяқталуға жақын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда соңғы қоңырау өтетін күн өзгергені туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv

Биыл елімізде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылмайды. Білім министрлігінің хабарлауынша, бұл іс-шара 23 не 24 мамырда өтеді. Әр мектеп соңғы қоңырауды қай күні өткізетінін өзі таңдайды. Биылғы оқу жылын шамамен 4 миллион оқушы аяқтайды. Оның 217 мыңнан астамы 11-сынып түлектері. Министрлік сондай-ақ мектеп бітіру іс-шараларында сән-салтанатқа жол берілмейтінін жеткізді.

«Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 не 24 мамырда өткізіледі.  Сондай-ақ барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі – баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған

Новости партнеров