Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз: Алматыда байқау жеңімпаздары марапатталды

24.11.2025 15:37

Іс-шара арқылы жастарды жаман әдеттен аулақ болып, белсенділік танытып, жемқорлыққа төзбеуге шақыруды мақсат тұтқан

Алматыда «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Адал ұрпақ» жобасы аясында өтіп жатқан іс-шара арқылы жастарды жаман әдеттен аулақ болып, белсенділік танытып, жемқорлыққа төзбеуге шақыруды мақсат тұтқан. Бастаманы қалалық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры іске асырып отыр.

 «Адалдық бар жерде адамдық жүреді. Әр іс ұран сөзден емес, кішігірім іс-әрекеттен басталады» деген ұйымдастырушылар іс-шара жастардың мінезін қалыптастырып, қоғамды нығайта түсетініне сенімді. Олар болашақ ұрпаққа адамгершілік тазалықтың жай ғана ережесі емес, өмір салты екенін көрсетпек. «Адал азамат – өзінің сөзіне, ісіне адал және еңбегінің нәтижесін көретін адамды тәрбиелеу. Оның ішіне антикоррупциялық сана да кіреді», – деді   Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Оқи отырыңыз: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы болашақ: Алматыда сурет байқауы өтті