БҚО-да 51 мектеп қашықтан оқуға көшеді

15.12.2025 09:00

Ең көбі Бөрлі ауданында, мұнда 24 мектепте 10 007 оқушы бар

Depositphotos

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты 15 желтоқсан күні қай мектептердің қашықтан оқуға көшірілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО әкімдігінен мәлім еткеніндей, өңірде дүйсенбі күні барлығы 51 мектепте оқушылар онлайн білім алады.

Бұлардың ең көбі Бөрлі ауданында, мұнда 24 мектепте 10 007 оқушы бар. Сондай-ақ Жәнібек ауданында 14 мектеп (2 442 оқушы), Бөкей ордасында 12 мектеп (738) осындай жүйеге көшірілді. Ақжайық ауданында 1 мектеп (5 шәкірт).

"Казталов ауданының 35 мектебінде (5 300 оқушы) сабақ 20 желтоқсанға ауыстырылды. Бәйтерек, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейді", — деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Еліміздің бірнеше облысында автокөлік қозғалысы шектелді