БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Depositphotos
Depositphotos

Марқұмдар үсіп кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылы маңында 57 жастағы ер адамның денесі табылды.

Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы, Казталовта 35-тегі ер адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Марқұмдар үсіп кеткен.

Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам тірі табылды. Оның аяқ-қолы үсіген, Орал қаласына жеткізіледі.

"Қазіргі таңда Жәнібек ауданында 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған ТЖ, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 48 адам, 8 техника жұмылдырылған", — деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді

 

Новости партнеров