Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қазметі
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қазметі

Елге деген құрметтен туған бұл игі іс тұрғындар тарапынан қолға алынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан қаласында Тәуелсіздік күніне орай безендірілген көпқабатты үйдің көрінісі көпшіліктің көңілін елжіретті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елге деген құрметтен туған бұл игі іс тұрғындар тарапынан қолға алынған. Шаһардағы 1-шағынауданда орналасқан № 3 көпқабатты үйдің тұрғындары өз баспанаcын мемлекеттік рәміздермен, азаттық жолында күрескен тұлғалардың бейнелерімен және мерекелік элементтермен айшықтады.

Бастамаға ұйытқы болған көпқабатты үйдің тұрғыны Гүлназ Орынтаева қай салада еңбек етсек те, тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, қадіріне жете білуіміз керек деген пікірін жеткізді.

"Еліміздің тәуелсіздігі оңай жолмен келген жоқ. Біз мұны әсіресе, өсіп келе жатқан жастарға тереңірек ұғындыруымыз керек. Бастама осындай ниеттен туды. Бұл әрекетке көршілерім де бірден қолдау білдірді. Осы көпқабатты үйдің өзінде 20-дан аса бүлдіршін тұрады. Балаларымыз отаншыл, білімді болып өссе, тәуелсіздігіміз де мәңгі болады", — деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Ұлттық сұлулық байқауы: «Қазақстан Аруы 2025» қалай өтті


 

 

Новости партнеров