БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

Depositphotos
Depositphotos

Сол күні таңмен 57 және 59 жастағы ер адамдар Бұқар қыстағынан мал бағуға кеткеннен оралмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында екі ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жәнібек ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 желтоқсан күні Күйгенкөл ауылдық округінде болды. 

Сол күні таңмен 57 және 59 жастағы ер адамдар Бұқар қыстағынан мал бағуға кеткеннен оралмаған. Ұялы телефондары болмаған. 

"Екі адамның жоғалып кеткені туралы хабар 13 желтоқсан күні сағат 20.39-да түскен. Оларды іздестіруге 40 адам, 6 техника жұмылдырылды. 15 желтоқсан күні таңмен сағат 07.00-де іздестіру жұмыстары қайта жалғасты", - деп хабарлады аудан әкімдігінен.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Жәнібек ауданында осыған ұқсас тағы бір оқиға болды. 

13 желтоқсан күні 2005 және 1971 жылғы екі адам Борсы ауылдық округіндегі Тегісшіл елді мекенінен трактормен шыққан. Олар Тау ауылдық округіне қарасты Жігер қыстағына 200 бас ірі қара малды айдап бара жатқан. Сағат 14.30 шамасында туыстарымен байланысқа шығып, сосын хабарсыз кеткен. 

Аудандық полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметі бірлесіп ұйымдастырған жедел іс-шаралар нәтижесінде бұл екі адам аман-есен табылды.

Оқи отырыңыз: Президент ресми сапармен Жапонияға барады

 

Новости партнеров