Аталған курсты сатып алған 21 тұрғын сотқа арыз жазды
БҚО-да онлайн курс сатып алған азаматтардың қаржысы қайтарылды, деп хабарлайды Amaty.tv.
Маркетплейс менеджерлерін даярлауға арналған оқу бағдарламасы әлеуметтік желі арқылы жарнамаланып, 490 мың теңгеге сатылған. Тіпті қарашаны 200 мыңнан 600 мың теңгеге дейін табыс табасың деп сендірген. Алайда іс жүзінде оқу материалдары ескірген, ал бағдарламаның өзі үстірт дайындалған. Аталған курсты сатып алған 21 тұрғын сотқа арыз жазып, оларға 10 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Сондай-ақ тергеу барысында ұйым бір адамның атына тіркелген, ал оқу ақысын төлеу басқа адамның шотына түсіп отырғаны анықталды.
«Сот үкім кесті. Келісімшартты бұзып, әрқайсысына қызметі үшін өтемақы төленсін деген шешім шықты. 20 өтініш берушіге 490 мың теңгеден қайтарылатын болды. Тағы бір әйелге 450 мың төленеді, себебі ол ең алғашқылардың бірі болып келісімге отырған», – деді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова.
Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: алматылық оқушылар арасында жалпықалалық экологиялық челлендж басталды