Елде банктік шоттарды ашу тәртібіне өзгерді

Almaty.tv
Almaty.tv

Жаңа талаптарға сәйкес, енді жеке тұлға қаржы ұйымынан шот ашу үшін алдымен өтініш береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елде банктік шоттарды ашу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру ережелері де жаңартылды. Жаңа талаптарға сәйкес, енді жеке тұлға қаржы ұйымынан шот ашу үшін алдымен өтініш береді. Онда клиент бұл шотты кәсіпкерлік қызмет жүргізу, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі аясында табыс табу, нотариус немесе адвокат ретінде қызмет көрсету, сондай-ақ сот шешімдерін орындау мен медиация арқылы дауларды реттеу мақсатында пайдаланбайтынын көрсетуі тиіс. Десе де бұл талап банк пен клиент арасындағы келісімшартта мұндай қызмет түрлері арнайы қарастырылмаған жағдайда қолданылады. Сондай-ақ кәсіпкерлер ағымдағы шот ашу үшін банкке мемлекеттік қаржының қозғалысын бақылауға жауапты уәкілетті органның арнайы рұқсатын ұсынуы қажет болады.

Оқи отырыңыз: БҚО-да онлайн курс сатып алған азаматтардың қаржысы қайтарылды

Новости партнеров