Төтеншеліктер көз жұмғандардың кім екенін және өрттің шығу себебін анықтап жатыр
БҚО-да Ақсай қаласында жер үй өртеніп, салдарынан 3 адам қаза тапты. Оқиға кеше түнде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар департаментіне хабар жеткен бойда, сала қызметкерлері дереу қызыл жалын шыққан аумаққа аттанған. Олар сол маңға барғанда өрттің үйді түгелдей шарпығаны белгілі болыпты. Ресми дерекке сай, баспанада қазірге дейін тек бір адамның тұрып жатқаны анықталған. Көз жұмғандардың кім екенін және өрттің шығу себебін төтеншеліктер анықтап жатыр.
«90 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен өшірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Департаменттің жеке құрамынан 14 адам және 3 техника жұмылдырылды», – деді ТЖД басқарма бастығы Дамир Салихов.
Оқи отырыңыз: Қан қысымы көтеріліп жатыр: Атырауда сасық иіске тұншыққан тұрғындар дабыл қақты