БҚО-да полицейлер бостандыққа шыққан педофилді 8 жыл бойы бақылауға алмаған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Прокурордың араласуынан кейін педофилге әкімшілік қадағалау белгіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасы жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау орнату бойынша қабылданған шаралардың уақытылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талдау барысында кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеген адамға 7 жылдан астам әкімшілік қадағалауды орнатпаудың фактісі анықталды.

«Осылайша, 2009 жылдың қарашасында Қаратөбе аудандық сотының үкімімен жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол 2017 жылдың тамыз айында бас бостандығынан айыру орындарынан босап, бірақ оған әкімшілік бақылау орнатылмаған», - делінген прокуратура хабарламасында.

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.

Аталған тұлға аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан, оның соттылығы жазасын өтегеннен кейін сегіз жылдан кейін ғана жойылады, яғни 2025 жылдың тамызынан бұрын емес.

Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа өтінішхат жолданып, 10.02.2025ж. жоғарыда аталған азаматқа әкімшілік қадағалау белгіленіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оған заңмен белгіленген шектеулер қойылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 11 аудан жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Новости партнеров