Тексеру барысында 49 жастағы азаматтың саяжай үйінің шатырында есірткі зертханасын жабдықтап, тыйым салынған өсімдіктерді өсіргені белгілі болды
БҚО-да саяжай шатырында есірткі зертханасын ұйымдастырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталды.
Тексеру барысында 49 жастағы азаматтың саяжай үйінің шатырында есірткі зертханасын жабдықтап, тыйым салынған өсімдіктерді өсіргені белгілі болды.
Шатырда орналасқан есірткі зертханасынан полиция қызметкерлері 37 ыдыста егілген ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдіктерді (сыртқы түрі қарасораға ұқсас) тапты.
Сонымен қатар жарықтандыруға арналған 14 шам, желдету жүйесі, екі термометр және тыңайтқышқа арналған 15 бөтелке сұйықтық табылды.
Оқи отырыңыз: Павлодарда өртенген үйден ер адамның денесі табылды