БҚО-дағы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры қамауға алынды

Ол ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

БҚО-дағы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол аталған мекемеде жұмыс істемеген адамға жалақы төлеп, ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – деді ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.

Оқи отырыңыз: Пышақтап кеткен: Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

Новости партнеров