Пышақтап кеткен: Талдықорғандағы қонақүйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

Марқұмның денесін ғимараттағы өртті сөндіріп жүрген мамандар анықтаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінен 12 жерінен пышақталған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Марқұмның денесін ғимараттағы өртті сөндіріп жүрген мамандар анықтаған. Сағат 4:00 шамасында қылмыскер ізін жасыру үшін өрт қоюы мүмкін. Әзірге оқиғаның мән-жайы толық жария етілмеді. Ал жергілікті полиция қылмыстық істің басталғанын хабарлады

 «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ізін суытпай, қылмысқа күдікті 23 жастағы ер азамат ұсталды. Қазіргі кезде қамауға алынды. Тергеу амалдары жүруіне байланысты жедел іздестіру іс-шаралары жарияланбайды», – деді Криминалды полиция басқармасының бастығы Дәурен Сәкенов.

Оқи отырыңыз: Самара-Шымкент тасжолында жол апатынан үш адам көз жұмды

Новости партнеров