Борышкер: Түркістанда алимент бойынша берешек 1 миллиард теңгеден асқан

Рейд кезінде тек құжат тексеріліп қана қойған жоқ, нақты шаралар да қолданылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістанда алимент бойынша берешек 1 миллиард теңгеден асып кеткен. Қарызды өндіру үшін қалада «Борышкер» рейдтік іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір күннің ішінде мамандар 23 әкімшілік хаттама толтырып, жауапсыздықтың жазасы ауыр екенін ескертті. Рейд кезінде тек құжат тексеріліп қана қойған жоқ, нақты шаралар да қолданылды. Мәселен салық пен айыппұл төлемей жүрген екі жүргізушінің көлігі бірден арнайы айып тұрағына жіберілді. Өзге де темір тұлпар тізгіндеп жүрген бірқатар тұрғынның көлік салығы сол сәтте өндірілді.  Өйткені, тұрғындардың мемлекет алдындағы айыппұл, салық сынды қарызы 700 миллион теңгеге жуықтаған. Прокуратура өкілдері мұндай шаралар борышкерлер толық есептескенше жалғаса беретінін айтады.

«Аталған іс шараның негізгі мақсаты - қала аумағындағы мемлекет пайдасына өндірілетін қарыз берешектері мен алимент бойынша қалыптасқан қарыздарды өндіру. Осыған байланысты айтатынымыз, қала тұрғындары мен қонақтарына, құрметті азаматтарға заңнамаға сәйкес, өздеріңіздің міндеттемеіңізді орындауға, заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз», - деді қалалық Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Жалғасбек Сұлтанбек.

Оқи отырыңыз: Сенат төрағасы Қазақстанның Вице-президентін тағайындау мәселесі қашан шешілетінін айтты

Новости партнеров