Заң жобасы Мәжіліс талқылауында
Қазақстанда шетелдік маркетплейстерді тіркеу міндеттеледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Электронды сауда алаңдары қандай да бір шағым алған кезде, «өндіруші немесе сауда өкілдері емеспіз» деп жауапкершіліктен қашып құтылса, шетелдік маркетплейстер Қазақстанда ресми өкілдерін ашуға міндеттеледі. Вице-министр «салық берешегі бойынша мәселе туындауы мүмкін» дейді. Қазір тиісті заң жобасы Мәжіліс талқылауында.
"Барлық электронды сауда алаңдарын нарықтағы компаниялармен теңестіріп жатырмыз. Осылайша маркетплейстердің де, онда сауда жасайтын саудагерлердің де заңдық тұрғыда жауапкершілігін арттыру көзделген. Бұған дейін олар кешіріңіз, бұл маркетплейстің емес, өндірушілердің өнімі деп жауапкершіліктен қашатын. Енді олай болмайды. Біздің әр өндірушімен жұмыс істеуімізге тура келді", – деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.
Оқи отырыңыз: Биыл елімізге 11 миллионнан аса турист келді