Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады

t.me/minpromstroykz
t.me/minpromstroykz

Аталған институт құрылыс саласындағы техникалық нормативтер бойынша бірыңғай орталық болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, аталған институт құрылыс саласындағы техникалық нормативтік талаптарды ғылыми зерттеу, әзірлеу, өзектендіру және сүйемелдеу бойынша, сондай-ақ оларды халықаралық стандарттармен үйлестіру бағытында бірыңғай орталық болады.

"Институт базасында нарықтан білікті мамандарды тарта отырып, нақты бағыттар бойынша (құрылымдар, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбырлар, сумен жабдықтау және басқа да салалар) салалық техникалық комитеттер қалыптастырылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Былтыр қазақстандықтардың зейнетақы аударымының көлемі қанша болды

Новости партнеров