Бүгін Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толды

Фото:gov.kz
Фото:gov.kz

Қазақ әдебиетінің классигі саналатын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы – ұлт руханиятының темірқазығы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазақ әдебиетінің классигі, ұлттық сөз өнерінің биік шыңы саналатын Абайдың шығармашылығы мен философиялық мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы.

Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.

Абай Құнанбаев – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.

Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық  өнері тарихында ерекше  орын  алады. Абайдың әуендік таланты халықтық  негізде дамып, ақынның рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген.  Абайдың  “Көзімнің қарасы”, “Не іздейсің көңілім”, “Айттым сәлем, Қаламқас”,  “Татьянаның хаты”  және  т.б. әндері арқылы халықтық ән шығармашылығына жаңа ырғақ, ана тілді көркемдік-мәнді қолданудың жаңа қағидалары ендірілді. Абай халықтық музыка қорын ырғақтық ән өнерімен байыта отырып, жаңалық із салды.

Абай әндеріне М. Төлебаев, С. Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанова, М. Қойшыбаев, Н. Тілендиев, Н. Меңдіғалиев сияқты композиторлар әндер мен романстар жазды.

Бүгінде Абайдың есімімен аталатын облыс, университет, театр, мектептер мен көшелер бар.

Оның 150 және 175 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО шеңберінде халықаралық деңгейде аталып өтті. Абай ескерткіштері Қазақстанмен қатар Ресей, Түркия, Германия, Франция, Иран сияқты елдерде орнатылған.

Бүгінгі атаулы дата – тек мерейтой емес, ұлт ұстазы қалдырған асыл мұраны қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа жеткізуге шақыратын маңызды күн.

Дереккөз: БАҚ

Оқи отырыңыз: "Аманатына адал болайық": Президент Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен құттықтады

Новости партнеров