Бүгінгі ұрпақ сұм соғыс туралы не біледі - тұрғындар жауабы

09.05.2025 11:42

Отан үшін от кешіп, сұрапыл соғыста жан беріп, жан алысқан қаһарман көп. Қан майданда кеудесін оққа тосқан батырлар ертеңгі ұрпақ бейбіт аспан астында өмір сүрсін деп шыбын жанын шүберекке түйіп, басын бәйгеге тікті. Сол сын сағатта сыр бермеген еңбегі ерен ерлер елдің есінде. Олардың атына берілген көше де, даңғыл да, ауылдар мен аудандар да бар. Сол жандардың есімімен аталатын оқу орындары, маңызды мекемелер мен мәдени нысандар да жоқ емес. Майдан тарихта мәңгі қалса да, бүгінгі ұрпақ сұм соғыс туралы не біледі? Отандастарымыздың қандай ерлігі естерінде? Аlmaty.TV тілшілері осы сұрақтар төңірегінде тұрғындар пікірін тыңдап көрген еді.