Сот жәбірленуші Азода Тұрсынмурадованың пайдасына 800 мың теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды
Түркістан облысында бұрынғы келінін соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
48 жастағы Шайырбек Хакимжанов Қылмыстық кодекстің «бұзақылық» бабымен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның бұрын сотталмағанын және кінәсін мойындауын ескерген. Сонымен қатар сот жәбірленуші Азода Тұрсынмурадованың пайдасына 800 мың теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.
«Хакимжанов Шайырбек ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 жыл мерзімде бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Сотталған Хакимжановқа қатысты қолданылған үй қамақтың бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін өзгеріссіз қалдырылып, одан кейін оның күші жойылсын», – дедіТөлеби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан.
Айта кестем, қоғамның қызу талқысына түскен оқиға Зағамбар ауылындағы тойда болған. Сахнада ән айтып тұрған Азода Тұрсынмурадоваға бұрынғы қайын атасы жұдырық ала жүгірген. Сол кезде әнші мұны «бұл қасақана жасалған қастандық» деп бағалаған болатын. Себебі соққыдан миы шайқалған Азода бұған дейін де аталған азаматтан және бұрынғы күйеуінен зәбір көріп келген.
«ҚР ҚК 293-баптың 1-ші тармағымен қалдырды. Материалдық, моральдық шығындарды ішінара өтеуді сұрады,1 жыл шектеу қойды. Қарсылығым жоқ, келісемін. Әділ шешім болды», – деді жәбірленуші Азода Тұрсынмурадова.
Оқи отырыңыз: Ақтауда тұрғын үй өртеніп, бір бала көз жұмды