Президент Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.

Оқи отырыңыз: Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

 

Новости партнеров