Референдумға дейін:
1
күн
13
сағат
13
минут

Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Өткен жылы  шаруаларға жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Агроөнеркәсіп секторын жан-жақты дамыту мемлекет саясатындағы негізгі басымдық болып қалады".  Бұл туралы Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

"7,4 миллион азаматымыздың тұрмыс-тіршілігі, яғни тұрғындардың 36 пайызы және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Соңғы жылдары бұл салаға бөлінген қаржы көлемі еселеп артты. Атап айтқанда, былтыр шаруаларға жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне бұрын-соңды дәл осындай орасан зор қолдау көрсетілмеген. Мұны шаруалардың өздері де айтып жүр.  Бірақ өндіріс көлемін ұлғайтумен шектелуге болмайды. Біз заман талабына сай келетін, озық технологияға негізделген аграрлық-индустриялық экономика құруымыз керек. Бұл – аса маңызды міндет. Өнімдеріміз ішкі нарықтың сұранысын толық өтеп, шетелге де тұрақты шығарылуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы, былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылғаннын айтты. 

"Соның арқасында аймақтар тың серпінмен өсіп-өркендеп, халықтың әл-ауқаты арта түседі.Мемлекеттің жүйелі жұмысының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласына әлемдегі озық компаниялар қызығушылық таныта бастады. Мысалы, шетел инвесторларының атсалысуымен Алматы, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында шикізатты терең өңдейтін және азық-түлік шығаратын ірі кәсіпорындар іске қосылады. Бұл жобаларға 1 миллиард доллардан астам қаражат салынды. Осылайша, ондаған мың адам жұмыспен қамтылады", - деді Президент.

Оқи отырыңыз: Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс - Мемлекет басшысы

Новости партнеров