Мамандар теңдестірілген тамақтанудың зейінділік пен жалпы жақсы көңіл-күйге оң әсер ететінін түсіндірді
26 мамырда Алматы қаласының білім беру ұйымдарында балалар мен ата-аналардың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын арттыруға бағытталған «Дәрігер – балалардың жанашыры» күні өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күн сайын өткізіліп жатқан тәрбиелік, мәдени және спорттық-сауықтыру шараларына 110 мыңнан астам оқушы мен 12 мыңнан астам ата –ана қатысуда.
Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназияда ерте диагностикалау мен аурулардың алдын алуға бағытталған көшпелі дәрігерлік тексеріс өткізілді.Ата-аналардың рұқсатымен кәсіби дәрігерлер оқушыларға тексеру жүргізіп, денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар беріп, сұрақтарға жауап берді.
Жетісу ауданындағы №118 мектеп-гимназияда «Денсаулығыңды тексер» атты медициналық акция ұйымдастырылып, «Денсаулық сертификаттары» табысталды.
Мамандар базалық тексеру жүргізіп, тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығын түсіндіріп, балаларға өз денсаулығына ұқыпты қарау керектігін насихаттады.
Медеу ауданындағы №19 жалпы білім беретін мектепте стоматолог пен окулист мамандарының қатысуымен ашық есік күндері өтті.
Ата-аналар мен оқушылар ауыз қуысы мен көру гигиенасын сақтау, жиі кездесетін мәселелердің алдын алу бойынша кәсіби кеңес алды.
Медеу ауданының білім беру ұйымдарында «В здоровом теле - здоровый дух!» атты флешмоб және ақпараттық акция өтті.
Флешмоб аясында спорттық белсенділіктер ұйымдастырылып, салауатты өмір салты мен аурулардың алдын алу туралы ақпараттық материалдар таратылды.
№39 мамандандырылған лицейде Психологиялық қолдау орталығы оқушыларға дұрыс тамақтанудың психоэмоциялық және физикалық жағдайға әсері туралы тренинг өткізді.
Мамандар теңдестірілген тамақтанудың зейінділік пен жалпы жақсы көңіл-күйге оң әсер ететінін түсіндірді.
№15 гимназияда жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыруға арналған «Ата-аналық бақылау: құралдар мен кеңестер» челленджі өтті.
Интерактивті түрде өткен шарада ата-аналарға балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік, белсенді өмір салты және күн тәртібі бойынша нақты кеңестер берілді.
26 мамырда Алматыдағы барлық білім беру мекемелерінде мектеп оқушыларының сауықтыру лагерьлері ашылып, сауықтыру спорттық іс-шаралар өткізілді, денсаулықты қорғау туралы мультфильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шаралар қала аудандарының барлығын қамтып, мұғалімдер, медицина және психология мамандары, ата-аналар мен оқушылардың бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылуда..
Оқи оытрыңыз: Жұмысшы мамандықтар қаласы: Алматы мектептерінде жазғы лагерь жұмысы басталды