Дәрігерді соққыға жыққан: Қарағандыда қылмыстық іс қозғалды

18.07.2025 14:45

Дәрігердің саусақтары сынып, бас миы шайқалған

Қарағанды облысында жекеменшік медицина мекемесінің дәрігерін аяусыз соққыға жыққан азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Емханаға әйелін алып келген ер адам ашуға бой алдырып, дәрігерге дөрекілік танытқан. Кейіннен кабинеттің күл–талқанын шығарыпты. Медициналық мекемеде ойран салған азамат мұндағы маманды да таяқтың астына алған. Салдарынан, дәрігердің саусақтары сынып, бас миы шайқалған көрінеді. Денесінің біраз бөлігі көгерген.

«Белгілі болғандай, 42 жастағы ер адам клиникаға жұбайымен бірге келген. Біраз уақыт өткен соң, белгісіз себеппен қызметтік бөлменің есігін сындырып, медицина қызметкеріне дене жарақатын келтірген. Күдікті психоневрологиялық орталыққа жеткізілді, дәрігерлердің бақылауында», – деді облыстық Полиция департментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Ескерткіш құлап, мерт болды: Атырауда 7 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты