Бюстті 2020 жылы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында демеуші компания орнатқан
Атырауда «Жеңіс» саябағындағы ескерткіш астында қалған 7 жастағы қыздың өліміне қатысты сот ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
бюстті тұрғызған демеуші компанияның басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл жаза кескен. Сонымен қоса, сотталушы марқұмның отбасына моральдық шығын ретінде 20 миллион төлеуге міндеттелді.
«Сот Баймұқашев Дмитрий Юриевичті Қылмыстық кодекстегі 179-баптың 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады. Осы мерзім аралығында оған сәулет және қала құрылысымен айналысуға тыйым салынады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты амнистияға орай бұл мерзімнің жартысын қысқарып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді қалалық № 2 соттың судьясы Нұртас Бөлекбаев.
Естеріңізге салайық, аталған оқиға былтыр қаладағы саябақтардың бірінде болған еді. Нақтырақ айтсақ, нөсер жаңбырдан қорғанбақ болған отбасының үстіне ескерткіш құлап түскен. Салдарынан 7 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды.
Айта кетейік, бюстті 2020 жылы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында демеуші компания орнатқан.
Оқи отырыңыз: «Жыл мұғалімі» оқушыларды зорлап келген