Референдумға дейін:
21
күн
11
сағат
44
минут

Дәрігердің салғырттығы: Таразда босанған ана көз жұмды

Жақындарының айтуынша, жергілікті № 2 емханасы қарызды желеу етіп әйелді тіркеуден бас тартқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда медициналық сақтандыруға 40 мың теңгесі жетпеген жүкті келіншек қараусыз қалып, көз жұмды. Осылай деген марқұм Салтанат Нышанбайдың туыстары жауаптылардың селқостығын айыптап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жақындарының айтуынша, жергілікті № 2 емханасы қарызды желеу етіп әйелді тіркеуден бас тартқан. Ал айы-күні толып, жедел жәрдеммен перзентханаға жеткенімен, ажалдан арашалау мүмкін болмаған. 

Жаңа туған баласын бауырына басқан әке, не қуанарын не жыларын білмейді. Себебі осы облыстық презентханада жарынан айырылып қалды. Оның айтуынша, жағдайы нашарлап келген жүкті әйелге дәрігерлер дұрыс қарамаған.

 «Бұл жерде бір адам кінәлі емес. Ол №2 емханадан басталады. Салтанат қарашада тіркелуге екі рет барған. Дәрәгері «ЖК ретінде 41 мың теңгеә төлемегенсің»  деп қолхат алған. Заң бойынша, босанатын, жүкті және қауіп тобына жататындар теіркеуге алынуы тиіс», – деді марқұмның әпкесі Айнұр Нышанбай.

Салтанат перинаталдық орталыққа 2 қаңтарда жеткізілген. Сөйтіп кесарь тілігімен босандырып алған. Бірақ жағдай ауырлап бір аптадан соң жансақтау бөліміне түсіпті. Содан бір ай бойы жатып, ес жимастан ажал құшқан.

«Қызымның қан қысымы жоғары болған. Бірақ сепсис болмаған. Дәрігерлердің салғырттығынан сепсиске айналып кеткен. Қызымды ешкім қайтара алмайды. Бірақ дәрігерлер жазасын алуы тиіс», – деді марқұмның анасы Гүлзейнеп Тоғызова.

Ал периниталдық орталық ана өлімін растағанмен, болған жайды баяндай алмайды. Себебі қызметтік тексеріс басталған.

«Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Ештеңе айта алмаймын», – деді  Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Жапарқұлова.

Салтанат Нышанбай небәрі 30 жасында көз жұмды. Артында 5 жастағы қызы мен 1 айлық бөпесі қалды. Сондықтан марқұмның туыстары іске тексеру тағайындалғанын қалайды. Олар полицияға арыз түсірмек.

Нұрғиса Қаржаубай, Мейіржан Бейсебай, Тараздан

Оқи отырыңыз: Қазақстанда инсульттан болатын өлім 4 пайыз төмендеді

Новости партнеров