Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің танымал футболшысы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.

Айтулы бастама халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тауып, әлем елдері бірауыздан жанашырлық, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға жұмылды.

Оқи отырыңыз: Гүл сыйлау дәстүрі экологияға қалай әсер етіп жатыр