Дауыс беру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелген жоқ – ІІМ

Референдум учаскелеріне іргелес аумақтарда бақылау күшейтілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дауыс беру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.       

Шыңғыс Әлекешевтің сөзінше, қазір ведомствоның жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр. Референдум учаскелеріне іргелес аумақтарда бақылау күшейтілген. Әрбір ауданда мобильді жедел тергеу топтары құрылған.

Бас прокуратура мамандары да саяси науқанның талапқа сай өтуін назарда ұстап отыр.

«Дәл қазіргі сәтте дауыс беру процесінде өрескел заң бұзу деректері анықталмады, референдум қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Бүгін прокуратура органдарына республикалық референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ сот органдарына талап арыздар еңгізілмеген», - деді ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма басшысы Бекжан Қараманов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 6 млн-нан астам азамат референдумда дауыс беріп үлгерді

Новости партнеров