Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына өзгеріс енгізілді

Almaty.tv
Almaty.tv

Тиісті қаулы 2026 жылғы 3 тамызда қабылданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетін қайта құрды. Тиісті қаулы 2026 жылғы 3 тамызда қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Құжатқа сәйкес, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті екі дербес ведомствоға — Медициналық бақылау комитеті мен Фармация комитетіне болып екіге бөлінді.

Бұрынғы комитеттің аумақтық бөлімшелері де қайта ұйымдастырылды. Енді олар Медициналық бақылау комитеті мен Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері ретінде жұмыс істейді.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Енді министрліктің құрылымына үш комитет кіреді:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті;
  • Медициналық бақылау комитеті;
  • Фармация комитеті.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі жаңартылды. Атап айтқанда, Медициналық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ Фармация комитетіне қарасты мемлекеттік кәсіпорын мен аумақтық бөлімшелердің тізбесі бекітілді.

Қаулы 2026 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда цифрлық медициналық қызметтер қарқынды дамуда