Депозит таңдауда қазақстандықтар нені ескерген жөн - маман кеңесі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел бойынша жалпы депозиттегі алматылықтардың үлесі қарашада 42 пайызға жеткен. Мегаполис тұрғындары қаражатын әртүрлі банк жинақтарында сақтайды. Биыл отандық қаржы ұйымдарының депозиттегі пайыздық мөлшерлемені көтергені белгілі. Бұл жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар жинақты таңдайтын халыққа қалай әсер етеді? Жалпы, ақша жинауда қарапайым жұрт нені білуі керек?

Осы және өзге сұраұтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының ресми өкілі Жаппарберген Айбота жауап береді.

– Жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттерді таңдауда салымшылар үшін қандай да бір қауіп бар ма?

«Әрине, егер де салымшы әрбір салымның түрі бойынша белгіленген шектеуді, максималды кепілдік мөлшерін білмеген жағдайда тәуекел бар. Яғни, қолыңыздағы  қомақты ақшаны молайту мақсатында, табыс алу мақсатында банкке бір салымға салатын болса, оның тәуекелі бар. Өйткені әрбір салым бойынша белгіленген максималды кепілдік мөлшері шектеулі. Соны білген абзал. Нақты айтар болсақ, қазіргі уақытта теңгедегі салымдар бойынша максималды кепілдік мөлшері 20 миллион теңгені, теңгедегі жинақ салымдарының барлық түрлері оларға осы банк счеттеріне төлем карталары бойынша белгіленген  максималды кепілдік мөлшері 10 миллион теңгені және шетел валютасындағы салымдардың барлық түрлері бойынша белгіленген шектеулі кепілдік мөлшері теңгелік баламада 5 миллион теңгені құрайды. Салымшылар осы кепілдік мөлшерін нақты білгені дұрыс».

– Қазір депозитке ақша жинау қарапайым халық үшін шынымен де тиімді деуге бола ма? Жалпы, депозит таңдауда қазақстандықтарға қандай кеңес берер едіңіз?

«Әрине, қазіргі уақытта теңгелік салымдардың тартымдылығы өте жоғары. Бұл салымшылар үшін ақшаны сақтаудың, ақшаны молайтудың ең қарапайым, ең қолжетімді қаржы құрамы болып табылады. Қазіргі уақытта соңғы мәліметтер бойынша, еліміздің инфляция деңгейі 12,4 пайызды құрайтын болса, жаңа жоғарыда айтып өткеніміздей мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлеме қазіргі уақытта 16,9 пайызды құрайды. Бұл салымның түрі бойынша, шынайы табыстылық 4,5 пайызды құрап отыр. Ал мерзімді және жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлеме 20,5 пайыз. Яғни, шынайы табыстылық инфляциямен салыстырғанда 7,6 пайыз. Бұл айтарлықтай елеулі табыс деп айтуға болады. Одан кейін салымшылар салымды таңдағанда тек салымның түрімен валютасын ғана емес, банкті де қарап зерттегендері дұрыс. Банкті де таңдағандары жөн. Яғни, қолда бар ақшаның көлеміне өздерінің алға қойған мақсаттарына қарай салымды таңдағандары жөн. Салымды таңдағанда салымшылар салымның , салымның түрін, оның мерзімін, мерзімнен бұрын алу мүмкіндіктерін, оны ұзарту мүмкіндіктерін, салым бойынша кепілдік мөлшерлемелерін мұқият оқып, білуі тиіс».

Оқи отырыңыз: Алматыда Дархан Сатыбалдының қатысуымен азаматтық қорғау жүйесінің екі нысаны ашылды

Новости партнеров