Депутаттар қазақстандықтардың зейнетақы шоттарына қосымша 4 пайыз жарна аударуды ұсынды

2024 жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Депутаттар қазақстандықтардың зейнетақы шоттарына қосымша 4 пайыз жарна аударуды ұсынды. Бұл бастама жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына қатысты айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Түсіндіре кетейін, елімізде зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізілмек. 2024 жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейді. Оның мөлшері жыл сайын өсіп, 2028 жылға қарай 5 процентке жетеді. Халық қалаулылары 5 пайыз жарнаның 4 процентін тікелей қызметкердің жеке шотына аудару қажет. Ал қалған 1 пайызы ортақ қорға жіберілуі тиіс деп санайды.

Айта кетейік, қолданыстағы ережеге сай, қызметкерлердің жалақысынан 10 процент міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады.

«Егер жұмыс беруші сіз үшін 5 пайызды төлейтін болса, ол қаражат жеке шотыңызға түсуі керек деп есептейміз. Белгісіз бір ортақ қорға жиналып, кейін басқа адамдарға бөлінбеуі тиіс. Оның 4 пайызы нақты адамның шотына аударылып, ал 1 пайызы ортақ қорға жіберіледі. Ол аннуитет жүйесі арқылы, өмір сүру ұзақтығына байланысты жұмыс істейтін болады. Мәселе әлі де талқыланып жатыр», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Премьер-министр халықаралық компанияларды Қазақстанда зерттеу хабтарын ашуға шақырды

Новости партнеров