Депутаттар Каспий қасіретінен қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көмек жинады
Олар бұл қаражатты өз еріктерімен жинау туралы шешім қабылдаған
Құрылтай депутаттары Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 146 миллион теңгеден астам қаржы аударады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар бұл қаражатты өз еріктерімен жинау туралы шешім қабылдаған. Жиналған қаржы «Ұлттық рух» қорына аударылуда, ал көмек көрсету бастамасы әлі де жалғасып жатыр.
Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, бұл қасіреттің бүкіл ел үшін ортақ қайғы екенін атап өтті.
«Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы – бүкіл халқымыз үшін үлкен қайғы. Осыған байланысты Мемлекет басшысы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Барлық депутаттардың атынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл – бәріміз үшін орны толмас қасірет», – деді ҚР Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай.
Оқи отырыңыз: Банктер несиені жабады: қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатыр