Digital Qazaqstan 2026: Орталық Азияның үздік IT мамандары анықталды

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Биыл чемпионатта сарапшылар құрамына да ерекше көңіл бөлінді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумы аясында Шымкент қаласында Central Asia Programming Championship 2026 спорттық бағдарламалау чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген 20 жастан асқан ең мықты қатысушылар жиналды. Олар 3 млн теңге жүлде қоры үшін және халықаралық сарапшылар алдында өздерін көрсету мүмкіндігі үшін бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінен хабарлағандай,халықаралық жарыс қатысушыларға алгоритмдік және аналитикалық қабілеттерін әлемдік деңгейдегі тапсырмалар арқылы көрсетуге мүмкіндік берді. Чемпионат ICPC форматында өтті. 28 ақпанда өткен онлайн іріктеуден кейін финал офлайн форматта ұйымдастырылып, аймақтың үздік бағдарламашылары шешуші кезеңде бір жерде бас қосты.

Финал қорытындысы бойынша: 1-орынды Фарход Хакимйон (Тәжікстан), 2-орынды Айбар Куанышбай (Қазақстан), ал 3-орынды Альтаир Ашуров (Қазақстан) иеленді. 

Жалпы 3 млн теңге жүлде қоры былай бөлінді: 1-орынға 1,5 млн теңге, 2-орынға 1 млн теңге және 3-орынға 500 мың теңге берілді.

«Осындай жоғары деңгейдегі жарыста өз білімімді көрсетіп, көрші елдердің үздік бағдарламашыларымен танысқаныма қуаныштымын. Бұл чемпионат мені әрі қарай дамуға және алған білімімді нақты жобаларда қолдануға шабыттандырады», – деді жеңімпаз Фарход Хакимйон.

Биыл чемпионатта сарапшылар құрамына да ерекше көңіл бөлінді. Финалда халықаралық IT компаниялардың өкілдері қатысты. Сарапшылар қатысушылардың шешімдерін бағалап, тәжірибесімен бөлісіп, халықаралық компанияларда мансап зақұру бойынша кеңес берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат тек зияткерлік жарыс қана емес, сонымен қатар аймақтық IT қауымдастығын дамытуға арналған тиімді алаң болды. Қатысушылар өз деңгейін сынап, халықаралық компаниялардың назарын аударып, болашақта жұмысқа орналасуға немесе ірі жобаларға қатысуға мүмкіндік беретін байланыстар орнатты.

Оқи отырыңыз: Digital Qazaqstan Battle: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Новости партнеров